Ипoтeкa рәсімдeп, бaспaнaлы бoлғaн сoң көпшілігі жұмысынaн aйырылып қaлудaн нe aуыстырудaн қaуіптeнeді. Сeбeбі ипoтeкaсы бaр aдaмды кeліп oтырғaн aқшa көзін aуыстыру aлaңдaтaды. Oсыдaн туaтыны — бірінші кезекте қарызды мерзімінен бұрын жабу, бұған әркімнің бір шамасы келе бермесі анық. Сондықтан көпшілік банк клиент тарту мақсатында өзге қаржы институтынан тиімдірек жағдайда кредитті қайта қаржыландыру жолдарын ұсынады. Ал ипотеканы қайта қаржыландыру үшін банкті қалай таңдаймыз? Бұл туралы экономист Расул Рысмамбетов Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.
Маманның айтуынша, қайта қаржыландыру үшін банкті таңдағанда белгілі бір өнімге маманданған немесе әртараптандырылған қаржы ұйымының көмегіне жүгіну қажет.
«Мәселен, ипотеканы қайта қаржыландыру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі мүмкіндіктерді қарастыру керек немесе ипотека бойынша бай портфелі бар банкке жүгіну қажет. Мұндай банктер жылжымайын мүліктің қатерімен қалай жұмыс істеу керектігін біледі, сондықтан заемды қаржыландыруға берген өтінішіңізді мақұлдауға деген мүмкіндігі жоғары», — дейді ол.
© pexels.com
Рысмамбетов банк таңдауда басты үш мәселеге назар аудару қажеттігін айтады. Олар: жылдық тиімді мөлшерлеме, төлем кестесі және үстеме төлейтін сомаңыз. «Әдетте ең қарапайым деген ипотеканың өзінде сіз пәтер құнының үстіне 70-150 пайыз аралығында үстеме ақы төлейсіз. Осыдан кейін банктер төлем кестесін алып, оны нарықтағы басқа да ұсыныстармен салыстырыңыз. Пәтер сатып алуға ақша жинайтын жағдайда баспананы жалға алу үшін ай сайын қанша ақша жұмсайтыныңызды санап көріңіз. Тіпті болмаса кейінгі сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін пәтерлерді қарастырыңыз немесе үстеме ақысыз бөліп төлейтін жағдай табылуы да мүмкін. Осыдан кейін ғана қаржы кеңесшісіне барып, онымен бірге ипотека нұсқаларын салыстырыңыз», — дейді экономист.
«Ал егер қаржы кеңесшісінің кеңестерін ала алмасаңыз, нарықтағы ұсыныстарды өзіңіз де санап көре аласыз. Әдетте қазіргі уақытта нарықта жасырын пайыздар мен комиссия жоқ, алайда келісімшартта клиенттің қатер-профилін өзгерту туралы пункттер болуы мүмкін, ай сайынғы төлемді кешіктірсеңіз, жоғары пайызды төлеуге мәжбүр боласыз», — дейді Расул Рысмамбетов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, кез келген банктен заем сомасының қанша бөлігі негізгі қарызды жабуға, ал қаншасы пайыздарды жабуға жұмсалатыны жайлы мәліметі бар кесте сұрау керек екен. «Барлық құжатта қағазға басып шығарып, сканнан өткізіп сақтау керек», — деген кеңесін айтты маман.
© pixabay.com
Ал «банктер өзге банкке қайта қаржыландыруға тыйым сала ала ма?» деген сұрағымызға ол былай деп жауап қатты: Банк басқа банкте қарызыңызды қайта қаржыландыруға тыйым сала алмайды, алайда қарыз кешіктірілсе қандай да бір айып санкцияларын қарастыруы мүмкін».
Сондай-ақ, қайта қаржыландыру кезінде банктің талап ететін құжаттар пакетін жинауда шығын болатынын ескеру қажет екен. Мәселен, қайта қаржыландыру туралы өтінішіңізді қарастыруда кепіл затыңыз болса, оны қайта кепілге қою үшін алынатын ақы, мемлекеттік тіркеу, құжаттарды дайындауға алатын ақысы, салық пен бағалау, банктер арасындағы ақша аударымдарынан алынуы мүмкін комиссия немесе сақтандыру компаниясының жаңа тарифтері.
Мұның барлығында да қалтаңызға салмақ түсіретін сома шығуы әбден ықтимал екенін ескеру қажет екен. Сондықтан экономист маман міндетті түрде қаржы кеңесшісімен ақылдасып, барлық шығынды алдын ала есептеу керек екенін айтты.
Пәтерді қалай таңдау керек — Маманнан 5 кеңес