26 мaусымдa Прeзидeнт Қaсым-Жoмaрт Тoқaeв қaзaқстaндықтaрдың бaнк aлдындaғы бeрeшeгінe қaтысты жaрлыққa қoл қoйды. Прeзидeнт қoл қoйғaн бұл Жaрлық «Қaзaқстaн Рeспубликaсы aзaмaттaрының бoрыш жүктeмeсін aзaйту турaлы» дeп аталады. Көмектің мақсаты — қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру. Президент үкімі бойынша банк алдындағы қарыз кімдерге кешіріледі? Қайда хабарласып, нақты ақпарат алуға болады? Тengrinews.kz тілшісі түсіндіреді.
Кімдердің қарызы кешіріледі?
Жарлық бойынша, кепілсіз тұтыну несиелері бойынша мынадай жағдайларда өтеу бойынша біржолғы тәртіпте шаралар қабылданады:
- 4 немесе одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға;
- Асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар;
- Мүгедек балалары бар, бала кезінен мүгедек 18 жастан асқан балалары бар отбасыларға;
- Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын отбасыларға;
- Жетім балаларға;
- Жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға
Тұтынушылық қарыз шарттары бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс. Борышкерлер тізімін қалыптастыру өтініш берушінің қатысуынсыз мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылған.
Егер тізімде болмасаңыз не істеу керек?
Тізімді Еңбек министрлігі дайындаған. 111 байланыс нөмірі арқылы хабарласып ақпарат алуға болады. Жалпы тізімге кірмей қалудың екі себебі бар:
Егер көпбалалы отбасы жұбайы жайлы және неке қию туралы құжаттарды ұсынбаған болса тізімде болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда Әділет министрлігінің мәліметтер базасында тіркелу қажет.
Екіншіден, мәліметтер базасында жұбайының қайтыс болуы туралы құжат болмаған жағдайда.
Сондай-ақ, күндізгі бөлімде оқитын көпбалалы және кәмелетке толмаған отбасылар Білім және ғылым министрлігінің тізімінде болмаса, тиісінше жалпы тізімде болмайды. Тізімге ену үшін Білім және ғылым министрлігіне хабарлап, балалары туралы мәліметті енгізу қажет.
Егер сіз тізімге енбеу себебімен келіспесеңіз, несие берген банкке немесе микрокредиттік ұйымға хабарласа аласыз.
Отбасының бір мүшесінде бірнеше қарыз болса, тұтынушылық кредитті өтеу шарттары қандай?
Біріншіден, тұтынушылық қарыздардың барлық шарты бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы керек.
Екіншіден, бір қарыз алушыға қарыздың жалпы сомасының 300 мың теңгеге дейінгі берешегі өтеледі. Мысалы, Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасында отбасы мүшесінің біреуіне ресімделген жалпы сомасы 2,5 миллион теңге мөлшерінде екі тұтынушылық кредиті болса, бұл жағдайда екі кредит бойынша жалпы сомасы 300 мың теңгеге дейінгі берешек өтелетін болады.
Несиені өтелетіндер мәртебесін қалай тексеруге болады?
-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің enbek.gov.kz сайтында;
—egov.kz электрондық үкімет порталында;
-Халыққа қызмет көрсету орталықтарында.
Бірінші кезекте кімдердің қарызы өтеледі?
Ең алдымен жылдық сыйақының тиімді мөлшерлеме қарызы жоғары азаматтар, екінші кезекте жалпы қарыз бойынша қарыздары көп азаматтар және үшінші кезекте қарыз бойынша ерте уақытта жасалған берешек шартының уақытына байланысты.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 маусымда қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. 20 тамызға дейін 507,3 мың азаматтың тұтынушылық қарыздары бойынша жалпы соммасы 105,1 миллиард теңгені құрайтын қарыз кешірілген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 345 475 көпбалалы отбасы, 169 855 асыраушысынан айырылған отбасы, 98 580 мүгедек балалары бар, бала кезінен мүгедек 18 жастан асқан балалары бар отбасылар, 282 615 атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар бар.